874

Елге заңсыз кірген Ауғанстан азаматтары ұсталды

Орал қаласына кірген  Ауғанстанның 11 азаматы көші –қон заңын бұзған үшін ұсталды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Елге заңсыз кірген Ауғанстан азаматтары ұсталды
Polisia.kz

Ауғанстан азаматтарының құжаттарын тексеру барысында екеуінің визасының мерзімінен асып кеткені анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, екі Ауғанстан азаматы бұрын Қазақстан Республикасы аумағынан күштеп шығарылғаны белгілі болды. Олар Орал қалалық ПБ қабылдап-тарату  орнына орналастырылды.

Қазіргі уақытта шетелдік азаматтарға қатысты Батыс Қазақстан облысының аумағында болу себептерін анықтау мақсатында тексеру шаралары жүргізілуде.