672

Павлодарда Ресейлік төтенше жағдайлар министрлігімен біріккен оқу-жаттығулар өткен

Павлодар мен Омбы құтқарушылары бас қосты. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Павлодарда Ресейлік төтенше жағдайлар министрлігімен біріккен оқу-жаттығулар өткен
pavlodar_tjd

2023 жылғы 29 қыркүйекте Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен Ресей ТЖМ Омбы облысы бойынша Бас басқармасы арасында Железин ауданы Лесное ауылдық округі Разделное ауылының маңындағы шекаралас аумақтарда бірлескен оқу-жаттығулар өткізілген.

Оқу-жаттығулар мемлекеттердің шекара маңындағы аумақтарында туындайтын орман және дала өрттерін сөндіруге ден қою жөніндегі басқару органдарының, күштер мен құралдардың өзара іс-қимылын ұйымдастыруға бағытталған.

Оқу-жаттығу 27-29 қыркүйек аралығында 3 күн өтіп, оған 33 бірлік техника мен 108 адам қатысқан.

- Бұл трансшекаралық оқу-жаттығулар мемлекеттердің іргелес аумақтарында туындайтын табиғи өрттерді сөндіруге ден қою жөніндегі күштер мен құралдарды басқару органдарының өзара іс-қимылын пысықтау, орман және дала өрттерін сөндіру әдістері мен тәсілдерін көрсету және пысықтау, қалыптасқан жағдайға және күштер мен құралдарды тарту жоспарына, сондай-ақ іргелес аудандармен және мемлекетпен өзара іс-қимыл жөніндегі жоспар мен нұсқаулықтарына сәйкес, күштер мен құралдарды басқару бөлігінде, өрт сөндіру штабының жұмысын жетілдіру, ірі орман және дала өрттерін сөндіру кезінде тылдық қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін жасалған, - делінген павлодарлық департамент хабарламасында.