Пәкістанда мешіт маңындағы жарылыс салдарынан 50-ден астам адам қаза тапқан
Пәкістанның Мастунг қаласындағы мешіт жанында болған жарылыс салдарынан 52 адам қаза тапты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Azattyq Ruhу-ны сілтеме жасап.
Dawn.com жазуынша, соңғы мәліметтер бойынша 130-дан астам адам жарақат алған.
Жергілікті билік жарылысты жанкешті жасады деп есептейді, оның себептері анықталмады.