848

Қызылордалық тұрғыннан қару мен есірткі тәркіленді

Қызылорда облыстық ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері ұрлық қылмысы үшін бұрын сотты болған 32 жастағы қызылордалық тұрғынды құрықтады, деп хабарлады ІІМ.

Қызылордалық тұрғыннан қару мен есірткі тәркіленді
polisia.kz

Оның тұрып жатқан мекенжайынан қару оқтарымен, есірткі заттары және үйдің қорасына жасырылған зергерлік бұйымдар табылды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. 

Күдікті УҰИ-ға қамауға алынды.