ЕҰУ ғалымдары кабельдік-өткізгіш өнімдерінің ыстыққа төзімділігін 40%-ға арттырды

01.10.2023, 18:51
792
ЕҰУ ғалымдары кабельдік-өткізгіш өнімдерінің ыстыққа төзімділігін 40%-ға арттырды Ғылым және жоғары білім министрлігі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Ядролық технологиялар паркі» АҚ ғалымдары полимерлі кабельді оқшаулаудың ыстыққа төзімділігін 40% - ға арттырды. Бұл әдіс отандық кабельдік-өткізгіш өндірісінде инновациялық болып табылады.

ЕҰУ ғалымдары өндірушілермен бірге радиациялық тігу әдісін қолданған. Жаңа технология ЭЛВ-4 электрондардың өнеркәсіптік үдеткіші арқылы жасалған және фотовольтаикалық әрі мұнай-суасты кабельдер өндірісінде қолданылады

«Біз радиациялық модификацияланған кабель өнімдерін тұтынушылармен алдын ала келісім жасадық. Кабель түрлерін қолдану бойынша перспективалық бағыттардың бірі атом электр станциялары болуы мүмкін. Жалпы, кабельдердің қолданылу аясы кең: фотовольтаикалық кабельдер фотоэлектрлік жүйелердің жылжымалы және стационарлық құрамдастарын (күн модульдері, құрылғылары және т.б.) қосуға қажет, ал мұнай-суасты кабельдер мұнай және су көтергіш қондырғылардың суасты электр қозғалтқыштарына электр энергиясын беру үшін және ұңғымаларды бұрғылау кезінде мұнайды айдау үшін қолданылады. Пайдалану ерекшелігіне байланысты олардың оқшаулануы жоғары температура мен қысымға төтеп беруі тиіс, сондай - ақ болат лентадан жасалған броньмен жабдықталуы тиіс», - деп атап өтті ЕҰУ жанындағы «Ядролық технологиялар паркі» АҚ жобалау тобының басшысы Азат Нұрқасымов.

Қазір ғалымдар мұнай және газ өнеркәсібі үшін жоғары температуралы, ыстыққа төзімді, өзін-өзі реттейтін кабельдер өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр. 

Өнімнің жаңа түрі энергияны үнемдеумен қатар температураны реттейтін құрылғыларды орнатуды қажет етпейді.

«Мұндай инновациялық кабельдер қоршаған орта температурасына байланысты қарсылықты реттей алады. Қарапайым тілмен айтқанда, кабель қоршаған орта салқын болса қызады, ал қоршаған орта температурасы жоғарыласа салқындайды. Бұл кабель қызып кетпейді, энергияны үнемдейді және ешқандай бақылау құрылғыларын қажет етпейді. Мұндай кабель өнімдерін жасау үшін наноқұрылымдық материалдар пайдаланылады», - деп атап өтті ЕҰУ ғалымы.

Қазір ЕҰУ ғалымдарының өнімдері сертификаттаудан өтуде.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды