Қарағанды облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартып отыр

02.10.2023, 15:21
574
Қарағанды облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартып отыр admin-gorlovka.ru

Қарағанды облысының Қарабұлақ атты тағы бір ауылында тұрғындар ішімдіктен толықтай бас тартқан.

Соңғы 3 жылда Қарабұлақта бірде-бір қылмыс болмаған. Сонда да учаскелік полиция қызметкері Аманбек Әубәкіров қырағылығын жоғалтпайтынын айтады.

Біздің ауылдың тұрғындары бұрын да ішімдікке бейім емес еді. Ал енді жалпы шешіммен маскүнемдікке толық тыйым салынды. Бізде тамаша көрсеткіштер бар: заң бұзушылықтар жоқ, қылмыстар әлдеқайда аз. Қарабұлақта 500 адам тұрады. Олардың бестен бірі – жастар. Көптеген адам спортқа қызығушылық танытады. Ауылдың өз волейбол командасы бар, олар облыстық, тіпті республикалық жарыстарға қатысады, – дейді Аманбек Әубәкіров.

Сондай-ақ бұл ауылда жыл сайын «Үздік бизнес жоба» байқауы өткізіліп тұрады екен. Оған жергілікті фермерлер демеуші болады. Ақша Қарабұлаққа қажетті жобаға бөлініп, онда шаштараз, наубайхана ашылған.

Осындай үлгілі елді мекенді басқарып отырған Аслан Рахымбергенов биыл «республикадағы ең үздік ауыл әкімі» болып танылған.

«Бұл – оның соңғы суреті»: Белгілі КВН ойыншысы қаза болды Израиль Иранды бітім шартын бұзды деп айыптады «Алты баласы қалды, кенжесі бес айлық»: Кішкентай қызды құдықтан құтқармақ болған марқұм бапкер туралы тың ақпарат айтылды Астанада жартылай жалаңаш қыз Министрліктер үйіне қарама-қарсы шатырда би биледі Атырауда ер адам подъезде никабтағы қызды аяусыз соққыға жыққан (ВИДЕО) «Концерттен шеттетті, иіскеуім керек деді»: Әнші Наркенже Серікбаева басшылықты әшкереледі #нетамашалаймыз: TikTok Қазақстанда жергілікті киноиндустрияны қолдау жобасын іске қосты «Бумажный дом» сериалының авторы мен қазақстандық продюсерлердің Netflix-ке арналған жобасы Comic Con Astana фестивалінде таныстырылады Мирзиёевтің үлкен қызы Өзбекстан Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды Оралда 22 жастағы полицей өз үйінің ауласында суицид жасаған Астаналық экс-депутат вилланың фонындағы сурет үшін БАҚ-ты сотқа беріп, жеңіліп қалды Трамп мәлімдеген бітім күшіне енбей жатып, Иран мен Израиль атысты жалғастырды Құбыр тағы жарылды: Алматыда ыстық су көшеге ақты Перизат Қайраттың соты тікелей эфирде көрсетуі мүмкін Израиль мен Иран арасындағы 12 күндік соғыс тоқтады Еліміздің 18 облысында дауылды ескерту жарияланды Алтынай Жорабаева кісі қайтқан жерге мобилограф ертіп келетін жұлдыздарды сынап тастады Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа адаммен жаңа өмір бастағалы жатыр Ирандағы босқындар Каспий асып келуі мүмкін бе? Сыртқы істер министрі жауап берді Енді инвесторды прокурордың рұқсатынсыз тексеруге болмайды