Таразда ер адам көршісінің атынан жарты миллион теңге несие рәсімдеген

04.10.2023, 12:39
570
Таразда ер адам көршісінің атынан жарты миллион теңге несие рәсімдеген Halyq Uni

Тараздық тұрғын көршісінің атынан жарты миллион теңгенің тауарлық несиесін рәсімдеген

Тараз қаласы полиция басқармасының 2-полиция бөліміне 66 жастағы жергілікті тұрғын, екінші топ мүгедектігі бар әйел жүгінген. Жәбірленуші өз шағымында көрші тұратын әйелдің үйіне келіп, жаңа жылдық мерекеге орай мүгедектерге мемлекеттік жәрдемақы алуға телефоннан өтініш беру қажет екендігін айтып, оның ұялы телефонынан бейне сәйкестендіру жүргізгенін, осылайша мүгедек әйелдің сенімін теріс пайдаланып, оның атына тауарлық несие рәсімдегені туралы шағымданған. Жалпы келтірілген шығын көлемі – 492 мың 800 теңге.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлімі 4-тармағы («Ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлері шағымданушының пайдакүнем көршісін, 40 жастағы күдікті әйелді анықтап, ұстады. Ол өзінің кінәсін толық мойындап, жәбірленушіге келтірілген материалдық шығынды өтеді, – делінген хабарламада.

Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)