"29 жерінен жарылып, көшені ыстық су басты": Теміртауда құбырлар жарылып жатыр

05.10.2023, 09:10
792
"29 жерінен жарылып, көшені ыстық су басты": Теміртауда құбырлар жарылып жатыр Видеодан алынған кадр

Қарағанды облысындағы Теміртау қаласында жылу маусымы басталмай жатып, құбырлар жарылып жатыр.

Қысымға шыдамаған жылу жүйесі әр жерден тесіліп, көшелерді ыстық су басты. Ыстық су жіберілген құбырлар үш күннің ішінде 29 жерінен жарылды. 

Коммуналдық мекеменің хабарлауынша, жарылған құбырлардың дені үйлер мен ғимараттар арасындағы желі екен. 

"Кварталаралық ескі жылу құбырларынан ақау шығып жатыр. Қазір жұмыста он апат бригадасы жүр. Құбырлардың тесілген жері шұғыл жөнделуде. Тұрғындар осындай апатты көрген жағдайды тез арада бізге хабарлауын сұраймыз", - деді "Оқжетпес-Т" ЖШС техникалық директоры Владислав Ким.

Мұнда бюджет қаражатына тек магистральді құбырлар ауыстырылып жатыр. Жалпы қалада құбырлардың 70 пайызға жуығы әбден тозған дейді мамандар. 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды