«Қыздардың зорланғанын анасы біліп жүрген»: Елді дүрліктірген оқиғаға қатысты тың дерек шықты

05.10.2023, 09:54
5524
«Қыздардың зорланғанын анасы біліп жүрген»: Елді дүрліктірген оқиғаға қатысты тың дерек шықты sputnik.kz Айдана Дайырова

Алматы облысының Бақанас ауылында 3 жасар егіз қызды өгей нағашы атасы зорлаған. Жантүршігерлік оқиғаның мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.

Бақанас – Балқаш ауданының орталығы. 6000-нан астам тұрғыны бар. Дәл осы ауылда өгей нағашы атасы 3 жасар екі қызды зорлаған.

Сұмдығы сол, бүлдіршіндерге жасалған қиянатты нағашы әжесі де, анасы да білген, бірақ полицияға шағымданбаған.

Бұл әйелдің егіз қызынан кейін екі жаста тағы бір баласы бар, үлкен балалары да бар дейді. Өзі 1997 жылғы. Жағдайы нашар, фазендада тұрады. Егіздің біреуінің ішінен қан кеткен. Жедел жәрдеммен апарғанда, памперсі қанға толып кеткен. Сол жерде анасы егізімнің сыңары деп айтып қалған. Дәрігерлер сыңарын да алдырып, оның бұған дейін зорланғанын анықтаған, - дейді Бақанас ауылының тұрғыны Әсел Омар.

Бақанастық ата-аналар жиналып, істің рас-өтірігін білу үшін ауруханаға барған. Дәрігерлер болған жағдайды растаған.

Күдікті қыздардың анасын да, нағашы әжесін де қорқытып ұстаған. Сол себепті олар айтпаған. Ал шын мәнінде қыздардың зорланғанын нағашы әжесі де, анасы да бұрыннан білген, - дейді Әсел Омарова.

Аудандық аурухана мамандары бала ауыр жағдайда түскенін айтты. Ал аудандық прокуратура екі адамның күдікті ретінде қамалғанын хабарлады.

Бұл іс бойынша екі күдікті адам ұсталды. Олар балалардың өгей нағашы атасы мен нағашы әжесі. Нағашы әжесі де қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталды, - дейді Балқаш ауданының прокуроры Айдын Раев.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы бүлдіршінге ота жасалғанын атап өтті.

3 қыркүйек күні сағат 14:25-те жедел жәрдем бригадасы 2020 жылы туған екі баланы (егіз) анасымен бірге бөлімшеге жеткізді. Балалар барлық қажетті тексеруден өтті. Балалардың жағдайы орташа ауыр болған. Хирургиялық бөлімшеге жатқызылды. Жалпы анестезиямен операция жасалды. Медициналық көмек толық көлемде көрсетілді, - дейді ведомство.

Ал полиция егіздің екеуінің де зорланғанын айтады.

Алматы облысында кішкентай қызды зорлады деген кідікке ілінген 40 жастағы ер адам ұсталды. Ол уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу барысында күдікті қыздың сыңары да зорлағаны анықталды. Күдіктінің әйелі де қамауға алынды, - дейді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ернар Сайдилдин.

Бақанастық ата-аналар бұндай жағдайға тікелей полиция кінәлі дейді. Өйткені бүлдіршіндерді зорлаған күдікті бұған дейін де осындай әрекетімен көзге түскен, бірақ айыппұлмен құтылған. Тұрғындар жиналып, аудандық әкімдіктің ғимаратына барды. Олар «сот ашық түрде өтсін» деп талап қойды.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды