Ұсталған қылмыстық топ мүшелерінен есірткі мен қару табылды
Елдің үш өңірінде болған арнайы операция барысында қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Оларды қолға түсіру кезінде жасаған қылмыстарының заттай дәлелі табылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ұсталған адамдардан қару, есірткі заттары, балаклава және автокөлік нөмірлері тәркіленді.
Болжам бойынша олар қылмыс жасағанда осы нөмірлерді пайдаланған.
Сондай-ақ қаржыны бөлу журналы табылды.
Шетел валютасы түріндегі жалған ақша да алынды.