Алматыдағы заңгер әйелдің өлімі: 18 рет пышақтаған күйеуіне қатысты сот үкімі өзгерді

05.10.2023, 19:24
393
Алматыдағы заңгер әйелдің өлімі: 18 рет пышақтаған күйеуіне қатысты сот үкімі өзгерді Aiman Assanova

Алқабилер соты алматылық адвокат Айман Асанованы қасақана өлтірген ер адамды кінәлі деп тапты.

Алматы соты атышулы іс бойынша сот отырысының аяқталғанын мәлімдеді.

"Қылмыстық қудалау органы Н.-ны қасақана кісі өлтірді (ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі) айыптады. Н. әйелімен үш жыл некеде болған. Некелері бұзылған соң, олардың арасында мүлікті бөлу туралы мәселе шешілмей қалған. Бұл көптеген жанжалдарға және ер адамның әйеліне деген өшпенділігіне себеп болған. 2022 жылдың қазан айының 8-нен 9-на қараған түні Н.-ның бұрынғы әйелін үйінің қасына күтіп тұрған. Әйел бұл мәселені талқылаудан бас тартты. Осыған байланысты бұрынғы ерлі-зайыптылар тағы да жанжалдасып, жанжал кезінде ер адам қолындағы пышақпен әйелге 18 рет соққы жасаған. Әйел алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды", – делінген хабарламада.

Ресми деректерге сәйкес, сотталушы әйелін қатты эмоционалды толқу жағдайында өлтіргенін айтып, кінәсін мойындамаған. Прокурор мен жәбірленуші тарап оған қатаң жаза қолдануды сұрады.

"Сотталушыға қатысты жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталмады, жас балалардың болуы және кінәсін мойындауы жазаны жеңілдететін факторлар деп танылды. Сот сотталушыны ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі бойынша қасақана адам өлтіргені үшін кінәлі деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ", – делінген Алматы сотының хабарламасында.

Израиль мен Иран арасындағы 12 күндік соғыс тоқтады Еліміздің 18 облысында дауылды ескерту жарияланды Алтынай Жорабаева кісі қайтқан жерге мобилограф ертіп келетін жұлдыздарды сынап тастады Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа адаммен жаңа өмір бастағалы жатыр Ирандағы босқындар Каспий асып келуі мүмкін бе? Сыртқы істер министрі жауап берді Енді инвесторды прокурордың рұқсатынсыз тексеруге болмайды Жандос Өмірәлиев: «Қылмыс деңгейінің төмендеуі – қоғамдағы оң өзгерістердің көрінісі» Бас прокуратура: Жалған ақпаратты жиі тарататын – жастар Енді іздеудегі адамдарды жасанды интеллект анықтайды Бас прокурордың орынбасары алаяқтарды анықтау жұмыстары күшейтілгенін жеткізді Прокурорлар балалар үйлеріне түнгі уақытта бақылау жүргізе бастады Прокуратура әлеуметтік желідегі ақпаратты күнделікті бақылайды – Жандос Өмірәлиев Ақсудағы дауылда ағаш қадалып қаза тапқан әйелдің отбасына 1 млн теңге ғана көмек көрсетілген Ресейде 14 жасар қызды ұрлап әкетті деген күдікпен өзбекстандық қамауға алынды «Мас күйде таксиге отырып, анама бардым»: Ұлықпан Жолдасов Садраддиннің әндерін сынға алды Иранның ядролық нысанына шабуылдан кейін ауыр зақым келгені спутниктен анықталды Александр Бублик әлемдік рейтингте ТОП-30 қатарына кірді Ресей мектеп бағдарламасынан украин тілін алып тастады Дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегеріне Моңғолия қазақтары автокөлік сыйлады Иран сыртқы істер министрі Путинмен келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге барды