Ұрлықтың жаңа түрі: мопед мінген ұрылардың дәуірі басталды

06.10.2023, 15:11
978
Ұрлықтың жаңа түрі: мопед мінген ұрылардың дәуірі басталды almaty_police_department

Екі жас жігіт мопедпен өтіп бара жатқандарды тонаған. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Қылмыс туралы полицияға Алматы қаласы Әуезов ауданының тұрғыны хабарлаған.

«Ол 8-ші ықшамаудандағы үйлердің бірінің ауласында кенеттен жанынан мопед өтіп кеткенін айтты. Ал көлік жаяу жүргіншінімен қатарласқанда белгісіз біреу ұялы телефонды жұлып алып кеткен. Оқиға орнынан алыс емес жерде оқиғаға қатысы бар тағы бір адам – сатып алушы тұрды. Күдіктілер қамауға алынды. Бұл - 2002 жылы туған Ж.есімді азамат және 2004 жылы туған М.есімді азамат. Ұрланған телефондарды сатып алушы да анықталды, ол - 1976 жылы туған И.есімді азамат. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 196 бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Ал негізгі айыпталушылардың әрекеті ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігімен сараланады. Күдіктілердің бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда», - деді, Әуезов аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. 
ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады Украинадағы жағдай ушықты: Бектенов шұғыл жиын өткізді «Еліміздің барлық аймағында дерлік күн бұзылады»: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады «Қатты ауырып жатыр»: Жанқош Тұраровтың әлі күнге дейін тергеуге бармағаны белгілі болды «5 млн дейін береді»: Ләйлә Сұлтанқызы Шымкент өңіріндегі қалың малдың қанша екенін жариялады