Қайтыс болған полицейдің құрметіне Талдықорғанда самбодан жарыс өтті

07.10.2023, 09:51
716
Қайтыс болған полицейдің құрметіне Талдықорғанда самбодан жарыс өтті Polisia.kz

Талдықорғанда қаза тапқан арнайы жасақ жауынгерінің құрметіне самбодан жарыс ұйымдастырылды, – деп хабарлайды smartnews.kz сайты polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Самбо күресіне Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарының полиция департаменті атынан 80-нен астам палуандар, сонымен бірге Талдықорған ДШБ десантшы-әскери қызметшілері қатысқан.

 – Біз қаза тапқан батырларымызды құрметтейміз және еске аламыз. Ержан Ахметовтің артында жұбайы мен балалары қалды. Бүгін спорттық шараға құрметті қонақ ретінде оның жары Баян да қатысты. Турнирде біріншілік үшін бақ сынайтын спортшылардың арасында оның достары да аз емес. Турнир жыл сайын республикалық және халықаралық жарыстарда өнер көрсететін үздік самбистерді анықтау мақсатында өткізіледі, – деді Жетісу облысы ПД бастығының орынбасары Талант Жұмабеков.

Жалпы командалық есепте үздік команда атағын Жетісу облысы полициясының самбистері жеңіп алды. Екінші орынды Алматы қаласы ПД командасы иеленді. Жеке біріншілікте әртүрлі салмақ дәрежесінде 21 жеңімпаз анықталып, олар медальдармен, грамоталармен марапатталды және 50 мыңнан 150 мың теңгеге дейінгі ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Еске сала кетсек, “Арлан” арнайы бөлімшесінің жауынгері Ержан Ахметов 2013 жылдың маусым айында қарулы қылмыскерді ұстау кезінде қаза тапқан.

Алтынай Жорабаева кісі қайтқан жерге мобилограф ертіп келетін жұлдыздарды сынап тастады Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа адаммен жаңа өмір бастағалы жатыр Ирандағы босқындар Каспий асып келуі мүмкін бе? Сыртқы істер министрі жауап берді Енді инвесторды прокурордың рұқсатынсыз тексеруге болмайды Жандос Өмірәлиев: «Қылмыс деңгейінің төмендеуі – қоғамдағы оң өзгерістердің көрінісі» Бас прокуратура: Жалған ақпаратты жиі тарататын – жастар Енді іздеудегі адамдарды жасанды интеллект анықтайды Бас прокурордың орынбасары алаяқтарды анықтау жұмыстары күшейтілгенін жеткізді Прокурорлар балалар үйлеріне түнгі уақытта бақылау жүргізе бастады Прокуратура әлеуметтік желідегі ақпаратты күнделікті бақылайды – Жандос Өмірәлиев Ақсудағы дауылда ағаш қадалып қаза тапқан әйелдің отбасына 1 млн теңге ғана көмек көрсетілген Ресейде 14 жасар қызды ұрлап әкетті деген күдікпен өзбекстандық қамауға алынды «Мас күйде таксиге отырып, анама бардым»: Ұлықпан Жолдасов Садраддиннің әндерін сынға алды Иранның ядролық нысанына шабуылдан кейін ауыр зақым келгені спутниктен анықталды Александр Бублик әлемдік рейтингте ТОП-30 қатарына кірді Ресей мектеп бағдарламасынан украин тілін алып тастады Дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегеріне Моңғолия қазақтары автокөлік сыйлады Иран сыртқы істер министрі Путинмен келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге барды Бұрынғы судья Қарлығаш Тәткееваға іздеу жарияланды Иранға жасалған соққы Трампқа импичмент жариялауға негіз болмақ