“Дүкенде бомба!”: ер адам ішімдікті қарызға бермеген сатушыдан кек алмақ болған

07.10.2023, 18:17
785
“Дүкенде бомба!”: ер адам ішімдікті қарызға бермеген сатушыдан кек алмақ болған polisia.kz

Алматы облысының полиция қызметкерлері жалған террористті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 қазан күні түскі уақытта Жетісу облысының төтенше жағдайлар департаментіне белгісіз ер адам қоңырау шалып, Қарасай ауданы Абай ауылындағы дүкендердің бірінде жарылғыш құрылғы орнатылғанын хабарлады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Алматы облыстық ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 35 жастағы тұрғынды анықтап, ұстады.

Ұсталған адамның айтуынша, ол дүкеннен қарызға ішімдік сұраған, өтінішін орындаудан бас тартқан сатушыға ызаланып, 112 нөміріне қоңырау шалып, дүкенде бомба бар екенін хабарлаған. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 273-бабы “Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау” бойынша тіркелді. Баптың санкциясы бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды