Тойдан соң төбелес шығарғандар ұсталды
Олар полицейлерге қарсылық көрсетпеген. Бұл туралы smartnews.kz сайты @Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 7 қазанда түнгі сағат 22:39-да кафенің бірінде төбелес шықты деген хабар келіп түсті.
– Шақырту бойынша автопатруль жіберілген болатын. Төбелес тойда таныстардың арасында шыққаны анықталды. Олар арыз жазудан бас тартты,– деді департаментте.
Тәртіп сақшылары төбелестің барлық қатысушыларына қатысты ҚР ӘҚБтК 440 және 437-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, айыппұл салды.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші