Шымкентте құрылыс иесінің қалтасын қаққан ұры ұсталды

08.10.2023, 19:31
906
Шымкентте құрылыс иесінің қалтасын қаққан ұры ұсталды

Қаратау аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын ұрлық туралы арызбен жүгінді.

Жаңадан баспана тұрғызып жатқан ер адам шалбарының қалтасындағы 250 000 теңгесі мен қуаттағышта тұрған Samsung A10S маркалы ұялы телефоны жоғалғанын жеткізді.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеп, күдіктінің жеке басын анықтауға кірісті. Оқиға болған маңдағы бейнекамералар тексеріліп, куәгер болуы мүмкін тұлғалардан жауап алынды. 

Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде, орын алған қылмыс 24 сағат ішінде ашылды. Күдікті ретінде жергілікті жас жігіт анықталып, полиция басқармасына жеткізілді.

Белгілі болғандай, ұрлық болатын күні үй иесі құрылыс алаңына келіп жұмысшыларға көмектескен. Түскі ас уақытында ол ұялы телефоны мен қомақты қаражатын темір контейнердің ішінде қалдырып, жанындағылармен тамақтануға кеткен. Осы сәтте көше бойынан өтіп бара жатқан жас жігіт, есігі ашық қалған контейнердің ішіне кіріп ақша мен мүлікті алып, тез арада ізін суытқан. 

- Ұрланған смартфонды күдікті өзі пайдаланып жүрген жерінен анықтадық. Ал, қаржатты жеке қажетіне жұмсап жіберген. Қазіргі таңда, телефон да, ақша да заңды иесіне қайтарылды. Жинақталған құжаттар айғақтармен бірге сотқа жолданды, - деді Қаратау АПБ-ның анықтаушысы Нұрсейт Телгара. 

Өз кезегінде құрылыс иесі тәртіп сақшысына жедел әрі адал қызметі үшін шынайы алғысын білдірді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді