Ердоған Палестина мен Израиль арасындағы шиеленістің шешімін айтты

09.10.2023, 09:46
1102
Ердоған Палестина мен Израиль арасындағы шиеленістің шешімін айтты tehnowar.ru

Израиль Премьер-Министрі Биньямин Нетаньяху «Хамасқа» ресми түрде соғыс жариялады.

Газа секторындағы бейбіт тұрғындарды үйлерінен кетуге шақырды. Соған қарағанда ауқымды соққы жасалуы мүмкін. 

«Ұзақ әрі ауыр соғысқа кірісеміз. «Хамастың» шабуылы бізді соғысқа итермеледі», – деді Биньямин Нетаньяху халыққа үндеуінде.

Сондай-ақ соғысқа ливандық «Хезболла» жасағы қосылған сыңай танытты. Орайлы сәтті пайдаланғысы келді ме, Израиль бекіністерін зымыранмен атқылады. 

Израиль жауап ретінде Ливандағы «Хезболланың» нысандарына соққы берді.

Израиль Сирияның Голан жоталарын 1967 жылғы соғыс кезінде жаулап алған. Ал Ливан бұл аймақты өз жері деп санайды.

АҚШ Президенті Джо Байден мен Еуропалық Одақтың Жоғары өкілі Жозеп Боррель Израильге жасалған шабуылды қатаң айыптады.

АҚШ Израильге әскери көмек қарастырып жатқанын хабарлады.

Ердоған БҰҰ Палестинаның 1967 жылғы соғысқа дейінгі шекарасын қалпына келтірмейінше, тыныштық орнамайтынын айтты.

Иран Президенті Ибрахим Раиси «Хамасты» қолдайтынын жеткізді. Айта кетейік, ливандық «Хезболла» жасағы да Иранға арқа сүйейді.

Қақтығыс құрбандарының саны сағат сайын өсіп жатыр. Қазірдің өзінде «Хамастың» шабуылынан қаза болғандар саны 700-ге таяп қалды. 2 156 адам зардап шеккен. 

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді