Израиль ауыр және ұзақ соғысқа бел байлады

09.10.2023, 10:29
868
Израиль ауыр және ұзақ соғысқа бел байлады canva.com

Газа секторын билеп тұрған Хамас палестиналық исламдық қозғалысы мен Израиль арасындағы бұрыннан тоқтамай келе жатқан қақтығыс кешегі сенбі күні насырға шапты.

Екі арадағы соғыстардың жалғасып келе жатқанына 76 жыл болса, Газа секторы тарапынан бүгінгідей қанқұйлы шабуылды Израиль 50 жылдан бері көрмеген екен. Мұндай қиямат-қайымға Израиль халқы осымен екінші рет тап болды деп жатыр.

Хамас әскері Израильдің орталығындағы және Оңтүстігіндегі қалалар мен елді мекендерді, соның ішінде Тель-Авив қаласын 7 қазанның таңында тосыннан мыңдаған ракетамен атқылады. Қалаларды атқылап қана қоймай, шекарадан басып кірді. Хамас әскері бейбіт тұрғындарды атқылаған, бірталайын кепілге алып кеткен. Жексенбі күнгі кешке таяу тараған дерек бойынша қаза болған Израиль тұрғындарының саны 600-ден асқан, мыңдаған адам жарақат алған. Әлемде бұл соғыс Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыстың ең үлкені деп бағаланды.

Өз кезегінде Израиль әскері де шабуылға шықты. Хамас әскерінің үш үлкен штабын атқылады. Олар – Хамас, сондай-ақ Ислам жиһады террорлық ұйымдарының шұғыл штабтары және Ислам жиһады ұйымының ракеталық күштерді басқару штабы. Сонымен қатар Израиль өз әскерінің Газа секторындағы 426 нысанды атқылағанын және 400-ден астам палестиналық экстремистің көзі жойылғанын, ондағаны тұтқындалғанын жексенбі күні түске таяу хабарлады. Бұдан бөлек, Газа секторындағы Хамас қозғалысының 10 нысанына, соның ішінде барлау штаб-пәтеріне соққы берілгені айтылды. Жексенбі күнгі мәліметте Газа секторы тарапынан 432 адам қаза болып, 2 мың 800-дей адам жарақаттанғаны келтірілді. Хамас ұйымы өз әскерінің шығыны жайлы ақпарат таратқан жоқ.

Хамастың кең көлемді шабуылына байланысты Израиль қорғаныс әскері «Темір семсер» операциясының басталғанын жариялап, Әскери әуе күштерінің жойғыштарымен Газа секторындағы нысандарға шабуылға шықты.

Израильдің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху халыққа үндеу жасады. Ол Палестинаның радикалды Хамас ұйымына қарсы әскери операция ұзаққа созылатын және күрделі болатынын айтты. «Біз бұл соғыста біргеміз, бұл соғыс қиын болады. Бізді қиын күндер күтіп тұр, бірақ мен бір нәрсені уәде еткім келеді. Құдайдың көмегімен, ортақ күш-жігермен, Израильге деген сеніміміздің арқасында біз жеңеміз», - деді ол.

Фото: islamnews.ru

АҚШ президенті Джо Байден Израильді қолдайтынын білдірді. Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі ведомство басшысы Жозеп Боррель одақтың Израильмен бірге екенін айтты. Тағы бірнеше елдің басшылары бұл соғыста Израильды қолдайтынын жеткізді.  Германия сыртқы істер министрі Анналена Бербок Хамас-тың Израильге шабуылын айыптап, бейбіт азаматтарға күш қолдануды дереу тоқтатуға шақырды.  Ол Германияның Израильмен бірге екенін айтты. Түркия президенті Режеп Ердоған және Ресей сыртқы істер министрлігі екі тараптарды сабырға шақырды. Ұлыбритания басшылығы Хамас-тың Израильге жантүршігерлік шабуыл жасағанын тікелей айыптады, Украина президенті Владимир Зеленский қаза болған Израиль тұрғындары мен шет елдіктердің туыстарына көңіл айтты. Өзге елдердің қатарында Қазақстан Сыртқы істер министрлігі де мәлімдеме жасады. Көптеген бейбіт тұрғындардың қазаға ұшырауына алып барған Палестина-Израиль жанжалы ушыққанына Қазақстан алаңдайтыны айтылды. Қазақстан жағдайды дұрыстаудың бейбіт жолы мен саяси құралдарын іздеуге және екі елдің ғана емес, бүкіл Таяу Шығыстың тыныштығын бұзатын әрекетке бармауға   шақырады.

Израильде қаза болған қазақстандықтар жайлы мәлімет жоқ. Лайым ондай хабар келмесін. Ал елге кері қарай ұша алмай, Израильде бомбадан қорғану жертөлелерінде қалған 37 қазақстандық бар екені айтылып жатыр. Себебі Тель-Авив пен Алматы арасындағы әуе рейстері тоқтатылған. Ол жақта қалған қазақстандықтармен еліміздің Израильдегі елшілігі байланыс орнатып жатыр. Оларды Түркия немесе Грузия арқылы елге аттандыру жолдары қарастырылуда болса керек. Израильде Украинаның екі азаматы қаза болды деген ақпарат бар. Ал Беларусь республикасының екі азаматы  жарақат алғаны жайлы жазылды.

Израиль толықтай соғыс жағдайына көшті. Әскери міндеттілердің бәрі қорғанысқа жұмылдырылуы мүмкін. Жергілікті тәртіп бойынша Израильдің әскери-саяси кабинеті елдің соғыс жариялауына дауыс берді және соғыс қимылдарын жасау мен әскери жағдайдың енгізілуін бекітті. Израиль Конституциясының 40-шы бабында үкіметтің шешімінсіз мемлекет соғыс бастамайтыны және нәтижесі соғысқа апарып тіреуі мүмкін әскери қимыл-әрекеттерді жасамайтыны айтылған.

Бәрінен бұрын бейбіт тұрғындарға обал болды. Соғыстың басы-қасындағы қару иелеріне ынсап берсін.   

Алтынай Жорабаева кісі қайтқан жерге мобилограф ертіп келетін жұлдыздарды сынап тастады Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа адаммен жаңа өмір бастағалы жатыр Ирандағы босқындар Каспий асып келуі мүмкін бе? Сыртқы істер министрі жауап берді Енді инвесторды прокурордың рұқсатынсыз тексеруге болмайды Жандос Өмірәлиев: «Қылмыс деңгейінің төмендеуі – қоғамдағы оң өзгерістердің көрінісі» Бас прокуратура: Жалған ақпаратты жиі тарататын – жастар Енді іздеудегі адамдарды жасанды интеллект анықтайды Бас прокурордың орынбасары алаяқтарды анықтау жұмыстары күшейтілгенін жеткізді Прокурорлар балалар үйлеріне түнгі уақытта бақылау жүргізе бастады Прокуратура әлеуметтік желідегі ақпаратты күнделікті бақылайды – Жандос Өмірәлиев Ақсудағы дауылда ағаш қадалып қаза тапқан әйелдің отбасына 1 млн теңге ғана көмек көрсетілген Ресейде 14 жасар қызды ұрлап әкетті деген күдікпен өзбекстандық қамауға алынды «Мас күйде таксиге отырып, анама бардым»: Ұлықпан Жолдасов Садраддиннің әндерін сынға алды Иранның ядролық нысанына шабуылдан кейін ауыр зақым келгені спутниктен анықталды Александр Бублик әлемдік рейтингте ТОП-30 қатарына кірді Ресей мектеп бағдарламасынан украин тілін алып тастады Дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегеріне Моңғолия қазақтары автокөлік сыйлады Иран сыртқы істер министрі Путинмен келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге барды Бұрынғы судья Қарлығаш Тәткееваға іздеу жарияланды Иранға жасалған соққы Трампқа импичмент жариялауға негіз болмақ