960

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты сот үкімі шықты

Алматы әскери соты Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлына үкім шығарды.

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты сот үкімі шықты
tengrinews.kz

Тұрлыхановтың 20 жастағы төртінші ұлы Нұрасыл Болат алматылық заңгер ерлі-зайыптылар Олег Чернов пен Анна Дмитриевичті соққыға жыққаны үшін айып тағылуда. Істің барлық материалдарын зерделеп, тараптарды тыңдай отырып, сот үкім шығарды.

"Нұрасыл Болат Қылмыстық кодекстің 107-бабының 2-бөлігінің 1 және 5-тармақтарында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 миллион 700 мың теңге айыппұл салынсын", – деді судья Дихан Әлиасқаров.