СҚО-да үш жылдан бері ұлы мен қызын зорлап келген ер адамға үкім шықты

09.10.2023, 15:01
2936
СҚО-да үш жылдан бері ұлы мен қызын зорлап келген ер адамға үкім шықты canva.com

Солтүстік Қазақстан облысында екі баласына жыныстық зорлық көрсеткен ер адамды сот өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Сотталған — Өзбекстан азаматы Бекниязов. Ол отбасымен СҚО М.Жұмабаев ауданында тұрған.

Бұған дейін полиция департаментінде ер адамның мас күйінде қызы мен ұлын зорлағаны туралы айтылған еді.

Қылмыстық іс сотта жабық қаралды.

СҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, ер адам 2020 жылдан бастап биылғы 30 қаңтарға дейін кәмелет жасына толмаған қызы мен ұлын бірнеше рет зорлаған.

Оның кінәсі толық дәлелденді.

Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, жәбірленушілердің заңды өкілінің, куәгерінің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен толық дәлелденді.

Сотталушы мен оның адвокаты айыптаумен келіспеді, ақтауды сұрады.

Сот жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қылмыстың мас күйінде жасалғанын есепке алды.

Сот ер адамның жазасын жеңілдететін мән-жайларды анықтаған жоқ.

«Жасалған қылмыстардың аса ауыр қылмыстар санатына жататынын және қоғамдық қауіптілік дәрежесін, істің мән-жайларын, кінәлінің жеке басын ескере отырып, сот барынша қатаң жаза тағайындау қажеттігі туралы қорытындыға келді. Сот ер адамға педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесті» - делінген қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз хабарламасында.

Сотталған жазасын төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген