Бюджет қаржысын игере алмай жатқан министрліктер мен әкімдіктер аталды

10.10.2023, 12:22
980
Бюджет қаржысын игере алмай жатқан министрліктер мен әкімдіктер аталды ашық дереккөзден

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2023 жылдың қаңтар – қыркүйек аралығында бюджет қаржысын игере алмай отырған министрліктер мен облыстар аталды.

Қаржы министрінің айтуынша, биыл 9 айда мемлекеттік бюджетке 13,8 трлн теңге және республикалық бюджетке 9,2 трлн теңгеге жуық кіріс түскен. Жергілікті бюджеттердің кірісі – 4,7 трлн теңге.

Республикалық бюджет бойынша сомасы 16 трлн теңгеге шығыс жүргізілді. Атқарылмағаны – 70 млрд теңге, оның ішінде үнемдеу – 16 млрд теңге. Игерілмегені – 54 млрд теңге.

Ең көп игерілмеген сома Экология және табиғи ресурстар, Туризм және спорт, Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктерінде, - деді министр Үкімет отырысында.

Сондай-ақ министр жергілікті бюджеттердің шығысы 9 трлн теңге болғанын айтты. Атқарылмағаны – 49 млрд теңге.

Биыл өңірлерге 2 трлн теңгеге жуық нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 қазанға 1 трлн 112 млрд теңге бөлінген. Оның 98,5% игерілген. Атқарылмағаны – 17 млрд теңге. Оның ішінде 1 млрд теңге – үнемдеу, 16 млрд теңге игерілмеген.

Ең көп игерілмеген сома Астана қаласы, Маңғыстау, Атырау және Қарағанды облыстарына тиесілі, - деді Ерұлан Жамаубаев.

Бюджет қаражатының игерілмеуіне себеп болған негізгі факторлар:

  • Конкурстық рәсімдерді ұзақ мерзімде өткізу;
  • Шарттарды, қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу;
  • Шот-фактуралар мен атқарылған жұмыс актілерін уақытылы ұсынбау және тағы басқа.
«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді