Үлгерімі төмен оқушыларды колледжге жіберуді доғару керек – Ғани Бейсембаев

10.10.2023, 14:47
1293
Үлгерімі төмен оқушыларды колледжге жіберуді доғару керек – Ғани Бейсембаев canva.com

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу үлгерімі төмен оқушыларды колледжге «қуатын» мұғалімдерге ескерту жасады.

Үкіметтің баспасөз орталығында журналист Оқу-ағарту министріне сұрақ қойып, үлгерімі төмен оқушыларды 9-сыныптан кейін колледжге «қуатын» мұғалімдер жайында сұрады:

«Мектепте үлгерімі төмен оқушыларды 9-сыныптан кейін колледждерге жіберу тәжірибесі тоқтаған шығар деп ойлағанмын. Алайда қазір оқушыларға қысым барын көріп отырмын. Ұлым 9-сыныпта оқиды. Бүгінде мұғалімдер оларға «Сабақты нашар оқысаңдар, 9-сыныптан кейін мектепте оқымайсыңдар» деп айтып жатыр екен. Мен оларға Конституциядағы норманы айтып, бұлай істемеуді сұрадым... Мен мектептер рейтингтің соңына ілесіп, осындай қадамға баратынын түсінемін. Бұл рейтинг қалай қалыптасады? Түсіндіріп беріңізші. Білім ордалары рейтинг қумауы үшін не істеу керек?».

Ғани Бейсембаев мұндай рейтинг жоқ екенін, мәселені жеке бақылауына алатынын жеткізді.

«Мұндай жағдай мүлдем болмауы керек. Бұл мәселені жеке өзім бақылауыма аламын. Осындай жағдай болса, басқа өңірлердегі (мектептерге) ескертемін. Мұны бірден тоқтату керек. Министрлік тарапынан (мектептердің) рейтинг жоқ.

Колледжде немесе мектепте оқу – әр оқушы мен ата-ананың жеке таңдауы. Егер мұғалімдер мен мектеп басшылығы бұл туралы білмесе, олардың есіне салуға тура келеді. Себебі, оқушының мектепке оқымай, колледжге ауысуын көздейтін буллинг немесе прессингке жол беруге болмайды. Мұндай бұйрық пен тапсырманы мен және министрлік берген жоқ. Мәселені анықтаймыз. Білім беру басқармаларына ескерту керек шығар. Себебі, олар (еліміздегі) барлық мектепке «ескі әдістерге» қызықпасын деп ескерту жасауы керек. Олай істеуге болмайды», - деді ведомство басшысы.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды