Израильде жүрген қазақстандықтар арнайы бортпен елге жеткізіледі

10.10.2023, 17:26
642
Израильде жүрген қазақстандықтар арнайы бортпен елге жеткізіледі ҚР СІМ

Израильдегі соғыс жағдайының өршуіне байланысты сонда жүрген 124 қазақстандық арнайы репатриациялық рейспен елге жеткізіледі, деп хабарлайды Kazinform агенттігі Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

 

Бүгін таңғы 8:00-де Израильдегі қазақстандықтарды елге қайтару үшін арнайы Air Astana ұшағы аттанған еді.

«Бүгін 10 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 16:45-те Израильдің Тель-Авив қаласынан Қазақстанға репатриациялық рейс ұшып шықты. Бортта 166 жолаушы бар, олардың ішінде 124 ҚР азаматы және 42 шетелдік азамат. Бүгін кешке ұшақ Алматы қаласына келеді деп күтілуде», - деп жазылған министрліктің хабарламасында.

Айта кетейік, Израильдегі Қазақстан елшісі Сатыбалды Бұршақов Kazinform агенттігіне берген эксклюзив сұхбатында Қазақстан азаматтарын эвакуациялау жұмысы қалай жүріп жатқанын баяндаған еді.

«Қазірдің өзінде Қазақстанның 150 азаматын тізімге тіркедік. Арнайы рейстің ашылғанын таңертең жариялағандықтан, күндіз қоңырау шалған адам көп болды. Бағана айтқандай, біз тізімді әу бастан жасап қойғанбыз, кімнің қайда екенін алдын ала біліп отырдық. Соның арқасында жұмыс жеңіл өтті», - деді Сатыбалды Бұршақов.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды