"Балаларыммен жертөледе жасырындым": Израильден эвакуацияланған қазақстандық азаматтар елдегі жағдай туралы айтып берді

11.10.2023, 09:20
600
"Балаларыммен жертөледе жасырындым": Израильден эвакуацияланған қазақстандық азаматтар елдегі жағдай туралы айтып берді inform.kz

10 қазан 23:50-де Air Astana рейсі арқылы Израильден эвакуацияланған 124 қазақстандық және 42 шетелдік азаматтар Алматыға қонды. Air Astana өкілдерінің мәлімдеуінше, ешкім қалып кетпеді. Stan.kz тілшісі Алматы әуежайына барып, елге келгендерден Израильдегі жағдай туралы және өз әсерлері туралы сұрап білді.

Air Astana рейсі арқылы Тель-Авивтен 166 адам елімізге жетті.

Air Astana-ның ұшағы Израильден Астана уақытымен 16:45-те ұшып шыққан. Алдымен Ақтауға қонып, кейін Алматыға келді.

Air Astana бас ұшқышы Олег Колесниковтың айтуынша, ұшу туралы шешім ұшақтың есігі жабылған сәтте қабылданған. Ол рейсті кейінге қалдыру қаупі болғанын атап өтті. 

"Ұшқыштар мен бортсеріктер жоғары азаматтық ұстанымдарын көрсетті, адамдар қолайсыз аймаққа ұшуға келісті, бәрі ерікті түрде жасалды", — деді бас ұшқыш.

Әуежайда эвакуацияланған қазақстандықтардың туыстары да болды. Эвакуацияланғандар жақындарымен жүздесті. Соның ішінде Алматылық Данияр Мамажанов Израильде бес жыл болған анасымен қауышты. Айтуынша, ол жат елде бес жылдан бері жұмыс істейді. Мамажановтың анасы елге 2024 жылдың қаңтар айында келуі тиіс еді. Алайда оқыс жағдайға байланысты ертерек қайтты.

“Тель-Авивте балық аулау, сату, т.б. көптеген жұмыстармен айналысып, нәпақасын тауып жүрген. Барлығын жаңалықтардан көріп, анаммен видеобайланысқа шығып отырдық. Анам ол жақтан маза кеткенін, жергілікті арабтар оқ жаудыртқанын айтты. Қазір балаларыммен оны күтіп алуға келдім”, – деді алматылық ер адам.

Христиан қажылығына аттанған сапар аясында астаналық Наталья Конаплицкая Палестинаға да, Израильге де барғанын айтады. 

“Атыс басталған кезде біз Палестинадан Израильге жол тартқан едік. Израильдің сол жағында болдық. Біз атыс-шабысты көрмедік, алайда ескерту белгілері, шу сезілді. Әуе кеңістігінде бақылау шаралары жүріп жатты. Бір қызығы – халық арасында дүрбелең жоқ, әркім өз жөнімен жүр. Меніңше, олар мұндай бақылау, төтенше жағдайларға үйреніп қалған. Тіпті бүгін мектеп оқушылары білім алуын жалғастрды. Бірақ елу жылда мұндай ауқымда бірінші рет болған”, – деді астаналық Конаплицкая. 

Ол қажылықтан 12 қазан оралуы тиіс болған еді. Алайда жағдайға байланысты ертерек қайтуға тура келген.

Алматылық Айсұлу баласымен Израильге турист ретінде барып, соңында қорқынышты жағдайға тап болғанын айтты. 

“Денемді үрей биледі, әрине, өз елімізде мұндайды көрмегендіктен, жат елде таңсық жағдайға тап болдым. Тезірек кеткім келді, оның үстіне балам үшін қорықтым. Елшілікке жүгініп, олар маған эвакуация туралы хабар берді, көмектесті. Мен елдің сол жағында болдым, десе де ракетаның қайда түсетіні белгісіз ғой, бәрі кенет орын алуы мүмкін”, – деді Айсұлу.

Эвакуацияланған қазақстандықтар байланыс үзілмегенін, Интернет жұмыс істеп тұрғанын айтты. 

Тель-Авивтің жанындағы Рамат-Ган қаласынан келген Раноза Сапарова бомбадан қорғану үшін жертөлелерде жасырынуға мәжбүр болғанын айтты.

“Атыс болды, адамдарды өлтіріп жатқанын білген өте қорқынышты екен. 7 қазан 6:30-да бәрі басталды, біз 7-сі күні кетуіміз керек еді, бірақ рейсті тоқтатты.  Соңғы күні сиренаның дауысы естіліп, тығылсын деп ескертті. Алайда ракетаның дауысын естімедік, десе де жасырындық. Оларда әр үйде бомбадан қорғану үшін жасалған жертөлелер бар, балаларыммен сол жаққа бірнеше рет түсіп, отырдық”, – деді алматылық Раноза.

Айтуынша, мұндай кезеңде лифтіні қолдануға болмайды. Сирена дауысынан кейін жертөледе кемінде 15 минут отыру қажет.

“Ескі көпқабатты үйлерде бір жертөле болса, жаңа үйлердегі әр пәтерде бомбадан қорғану үшін жасалған бөлмелер бар”, – деді ол.

Израильдің Хайфа қаласында “Болашақ” бағдарламасы бойынша клиникалық фармакология мамандығында оқитын Үміт Желдібаева сол елде әлі де қазақстандықтар бар екенін айтты.

“Израильде ота жасатқан қазақстандықтар денсаулық жағдайларына байланысты сонда қалды. Олар ракетадан қорғану үшін ауруханалардың бомбадан тығылатын арнайы ғимаратында жатыр. Арнайы чатта қазақстандықтар болды, алайда шетел азаматтарына да қосылып, “бізді де алып кетіңіздерші” деп өтініп жатты”, – деді семейлік Желдібаева. 

Айтуынша, оның оқуының аяқталуына үш апта қалған. Алайда жағдайға сәйкес мәжбүрлі түрде университетті бітіріп, елге қайтты. Ал “Болашақ” стипендианттарының үшінші легі Израильде сегіз күн оқып үлгерген екен. Олар Израильге қайтуы да мүмкін.

«Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады