7-20-25 бағдарламасы жемқорлықтың ортасына айналды – Дәулет Мұқаев

11.10.2023, 14:45
943
7-20-25 бағдарламасы жемқорлықтың ортасына айналды – Дәулет Мұқаев canva.com

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Дәулет Мұқаев «7-20-25» бағдарламасы жемқорлардың ордасына айналғанын, қазақстандықтар ипотека алу үшін пара беруге мәжбүр екенін ашық айтты

Оның пікірінше, баспана мәселесі тұрғындардың бас ауруына айналған. 

Әсіресе, соңғы жылдары мәселе күрт шиеленісті. Баспана мәселесін Мәжіліс мінберінен бірнеше рет көтердік. Үкімет тарапынан мардымды жауап болмады. Маған үнемі сырғытпа жауап келді. Бүгінде баспана нарығы тұралап тұр. Үй алудың барлық бағдарламасы тоқырауға ұшырады. «7-20-25» бағдарламасы жемқорлықтың ордасына айналып жатыр. Бағдарлама арқылы үй алу үшін пара берушілер де көбеюде, - деді Дәулет Мұқаев.

Осыған байланысты ол өз сөзін дәлелдеуге тырысты. 

«Бүгін «7-20-25» бағдарламасына лимит ашылды. Ол 5 минутта бітті де қалды. Оқырмандардан «Бұл не деген сұмдық?» деген хаттар келіп жатыр. «Менен банк менеджері 1 млн 400 мың сұрады», «Менен 700 мың теңге сұрады» деп жазылған хаттар келіп жатыр. Бұл қашан тоқтайды?» - деді депутат.

Сондай-ақ ол жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаның маңызы артып жатқанын жеткізді.

Президент «Отбасы банктің» қызметін қайта қарауды тапсырып, облыс орталықтарына емес, аудандарға, моноқалаларға және ауылдарға басымдық беру керек деген еді. Өзгеріс қашан болады? Қашан халыққа тиімді, қолжетімді бағдарлама іске қосылады? - деді Дәулет Мұқаев.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев өзекті сұрақтарға бірден толық жауап бере алмайтынын ашық айтты.

Мұндай үлкен мәселеге бірден жауап бере алмаймын. Бірақ сізге бірнеше фактіні айтайын. Мысалы, 2023 жылға мемлекет 10 мың пәтер берді. Оған 105 млрд теңге бөлінді. 

2024 жылға жоспарымыз бар. Екінші мәселе, президенттің тапсырмасы бойынша өткен жылы жалға алуды жеңілдету үшін субсидиялау бағдарламасы іске асырылды. Тағы басқа бағдарлама бойынша мемлекет қаражат бөліп жатыр. Бірақ сіз өзіңіз білесіз, барлық халықты баспанамен қамтамасыз ету оңай емес. Егер сізде уақыт болса, бірге отырып, барлық бағдарламаны бірге қарайық», - деді министр.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды