Алматы облысы Есік қаласының әкімі пара алғанын мойындады
Алматы облысы Есік қаласының әкімінің пара алғаны әшкереленді, деп хабарлады Антикор.
Ол қаланың ойын алаңын абаттандыру жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін жеке компания өкілінен ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілініп отыр. Күдікті кінәні толығымен мойындады.
Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.