Университет ғалымдары алмаз бұрғылаудың инновациялық құралдарын әзірлеуде
Сәтбаев Университетінің ғалымдары ғылыми-өндірістік зертханада алмаз бұрғылаудың инновациялық құралдарын әзірлеуде, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
Сәтбаев Университеті техника ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Ратов Боранбай Товбасарұлының жетекшілігімен «Алмаз бұрғылау құралдары» ғылыми-өндірістік зертханасында жаңа алмаз коронкалары мен қашауларын жасау процесін бастады. Жаңа бұрғылау құралдарын жасап шығару – металлургия және машина жасау сияқты салаларды біріктіретін күрделі процесс.

Ғалымдар материалдарды адамның қатысуынсыз өңдеу үшін арнайы жабдық пайдаланады. Сондай-ақ, олар болашақ бұрғылау коронкаларының сапасын арттыру үшін, түрлі технологиялар мен қорытпаларды зерттеу үстінде. Олардың мақсаты – әсіресе қиын жағдайларда тиімдірек және берік болатын бұрғылау құралдарын жасау.
Материал авторы