Almaty Management University Жібек жолы университеттерінің альянсына (UАSR) қосылды

11.10.2023, 19:35
639
Almaty Management University Жібек жолы университеттерінің альянсына (UАSR) қосылды gov.kz

Almaty Management University ректоры Гүлнар Күренкеева Сиань қаласында өткен Жібек жолы университеттері альянсының (UASR) жыл сайынғы саммитіне қатысты.

Форумда әлемнің әртүрлі елінің сарапшылары мен ғалымдары жаңа технологиялық революция кезеңіндегі жоғары білімнің дамуы мен инновацияларын талқылады.

Саммитке Қазақстанның жеті университеті қатысты. Форум аясында аталмыш альянсқа 14 жаңа жоғары оқу орны қосылды, оның қатарында Алматы Менеджмент университеті де бар.

Гүлнар Күренкеева «Адамзат үшін ортақ қауымдастыққа жол: «Бір белдеу, бір жол» білім беру ынтымақтастығы» панельдік сессиясында сөз сөйледі:

«Біз Қазақстанда әркез бизнес-білім берудің пионерлері болдық. Бизнесте өз жолын енді бастаған кәсіпкерлерге басқаруды үйреттік. AlmaU –Қазақстандағы алғашқы MBA және DBA бағдарламаларын ұсынған оқу орны. Тарихы тереңде жатқан Жібек жолы мен AlmaU арасында тек қана географиялық емес, сонымен қатар символикалық байланыс та бар. Біздің университет Жібек жолы құндылықтарын – бейбітшілік пен достықты, ашықтық пен инклюзивтілікті, өзара оқытуды мен тиімділікті қамтитын дәстүрлер мен инновациялар арасындағы көпір. Біз бәріміз жаңа дәуірге қадам бастық. Мұнда бәсекелестік – серіктес, кедергілер – жаңа мүмкіндіктер, ал Жібек жолы университеттерінің альянсы – ең жақсы тәжірибелер, ақыл-ойлар мен шешімдер арасындағы ынтымақтастық алаңы».

Форум аясында Гонконг Үкіметінің Білім бюросы Орталық Азия университеттерімен арнайы кездесу өткізді.

Алтынай Жорабаева кісі қайтқан жерге мобилограф ертіп келетін жұлдыздарды сынап тастады Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа адаммен жаңа өмір бастағалы жатыр Ирандағы босқындар Каспий асып келуі мүмкін бе? Сыртқы істер министрі жауап берді Енді инвесторды прокурордың рұқсатынсыз тексеруге болмайды Жандос Өмірәлиев: «Қылмыс деңгейінің төмендеуі – қоғамдағы оң өзгерістердің көрінісі» Бас прокуратура: Жалған ақпаратты жиі тарататын – жастар Енді іздеудегі адамдарды жасанды интеллект анықтайды Бас прокурордың орынбасары алаяқтарды анықтау жұмыстары күшейтілгенін жеткізді Прокурорлар балалар үйлеріне түнгі уақытта бақылау жүргізе бастады Прокуратура әлеуметтік желідегі ақпаратты күнделікті бақылайды – Жандос Өмірәлиев Ақсудағы дауылда ағаш қадалып қаза тапқан әйелдің отбасына 1 млн теңге ғана көмек көрсетілген Ресейде 14 жасар қызды ұрлап әкетті деген күдікпен өзбекстандық қамауға алынды «Мас күйде таксиге отырып, анама бардым»: Ұлықпан Жолдасов Садраддиннің әндерін сынға алды Иранның ядролық нысанына шабуылдан кейін ауыр зақым келгені спутниктен анықталды Александр Бублик әлемдік рейтингте ТОП-30 қатарына кірді Ресей мектеп бағдарламасынан украин тілін алып тастады Дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегеріне Моңғолия қазақтары автокөлік сыйлады Иран сыртқы істер министрі Путинмен келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге барды Бұрынғы судья Қарлығаш Тәткееваға іздеу жарияланды Иранға жасалған соққы Трампқа импичмент жариялауға негіз болмақ