741

ШҚО тұрғыны 20 жыл бойы Ресей мен Қазақстаннан зейнетақы алып отырған

Шығыс Қазақстан полицейлері қылмыстың бетін ашты. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

ШҚО тұрғыны 20 жыл бойы Ресей мен Қазақстаннан зейнетақы алып отырған
ашық дереккөзден

Алтай ауданының 76 жастағы тұрғыны 2002 жылдың қараша айында Ресей азаматтығын алғаны анықталды.

Кейін 2004 жылы зейнеткерлік жасқа жеткенінде әйел Қазақстаннан да, Ресейден де қатарынан зейнетақы төлемдерін алып отырған. 

Зейнеткердің мемлекетке келтірілген залал 13 миллион теңгеден асады. Енді ол 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

 

Жаңалықтарды бірінші боп оқу үшін Telegram арнаға жазылыңыз!

Материал авторы