750

Полиция көлігіне тас лақтырған Риддер тұрғыны екі жылға сотталмақ

Бұзақының бұл ісі жайында ШҚО ПД жазды.

Полиция көлігіне тас лақтырған Риддер тұрғыны екі жылға сотталмақ
eastkazpolice

28 жастағы Риддер тұрғыны Риддер полиция бөлімі ғимаратының алдындағы автотұрақта бұзақылық ниетпен "ВАЗ" маркалы қызметтік көлікке тас лақтырып, көліктің алдыңғы қанаты мен терезе тазалығышын зақымдаған.

Осыған орай күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

 

Жаңалықтарды бірінші боп оқу үшін Telegram арнаға жазылыңыз!

Материал авторы