Шетелдіктер Қазақстанның қай өңіріне көп барады?
Ұлттық статистика бюросы 2023 жылдың қаңтар-шілде айларында 22,4 мың шетелдік турист арасында сауалнама жүргізді. Нәтижесін smartnews.kz сайты хабарлайды.
Нәтижесінде Қазақстанға 16,9 мың адам жеке мақсатпен келгені, ал қалған 5,4 мың адам іссапармен келгені анықталған.
Олардың ең көп баратын аймақтар:
• Астана қаласы
• Алматы қаласы
• Маңғыстау облысы
Туристердің 31%-ы курорттық аймақтарға барып, оның ішінде туристердің 57,7%-ы Алматы тау кластерін таңдаса, 14,7%-ы Маңғыстауды таңдаған.
Сауалнамаға 66 елден турист қатысты, көбі Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген.
Жаңалықтарды бірінші боп оқу үшін Telegram арнаға жазылыңыз!
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші