701

Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза болды

Апат туралы Ішкі істер министрлігінің телеграм арнасында жарияланды.

Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза болды
видеодан алынған кадр

15 қазан күні  Қарағанды-Молодежный тас жолында Қазақстан ауылынан 2 шақырым жерде  Hyundai Sonata және Neoplan  автобусының қатысуымен жол көлік оқиғасы болды. 

-Жол-көлік оқиғасының салдарынан Hyundai Sonata  автокөлігінің екі жолаушысы оқиға орынында қаза болды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345 бабы 3 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде, -деді Осакаров аудандық полиция бөлімінің бастығы Азиз Жұмағазиев.

Басқа да маңызды жаңалықтар Telegram арнамызда!

Материал авторы