Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстаннан елге оралды

16.10.2023, 09:43
538
Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстаннан елге оралды ҚР ТЖМ

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін Ауғанстанға барған Қазақстан ТЖМ күштері мен құралдары елге оралды.

Гуманитарлық миссияны орындау үшін жалпы 45 адам, оның ішінде ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, кинологиялық есептоптары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен фельдшерлері жіберілген болатын.

ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдері комитеті төрағасының міндетін атқарушы генерал-майор Ұларбек Әбікеевтің басшылығымен қазақстандық құтқарушылар жасағы қойылған міндеттерді абыроймен орындады.

Жер сілкінісі аймағынан оралған құтқарушыларды әуежайда әріптестері, туыстары мен жақындары қарсы алды.

Сонымен қатар «Lider.kz» қозғалысының волонтерлері құтқарушыларды кезекті рет қарсы алды. Олар Чарли, Джейкоб пен Евро атты құтқарушы иттерге медальдар дайындады. 

Гуманитарлық миссияға қатысушыларды Қазақстан Республикасының ТЖ вице-министрі генерал-майор Ерлан Нұрпейісов құттықтап, халықаралық құтқару операциялары біздің мамандарға өз кәсіби біліктілігін арттыруға және әртүрлі жағдайларда жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге көмектесетінін атап өтті.

Ауғанстандағы іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары 83 жергілікті тұрғынға медициналық көмек көрсетіп, 211 үй фрагментінің үйіндісін бөлшектеді, Наиброфи елді мекенінде 700 қираған үйдің учаскесін тексерді. Құтқарушылар қайтыс болған 1 баланың денесін тауып, алып шықты.

Қатты шаңды дауылдан зардап шеккен 9 шатырлы қалашықтың орналасу орындарында тексеру жүргізілді.

Қазақстандық құтқарушылар Сияхан елді мекенінде толығымен қираған үйлердің астын да тексеріп, Чолк елді мекенінде үйінділерді бөлшектеу жұмыстарын жүргізді.

Құтқарушыларымыз елге оралар алдында Ауған билігі қазақстандықтарға жойқын жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді.

«Біз Қазақстанның қиын сәтте көрсеткен көмегін ұмытпаймыз»,- деп Ауғанстан мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Мохаджер Сахиб айтты.

Иран сыртқы істер министрі Путинмен келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге барды Бұрынғы судья Қарлығаш Тәткееваға іздеу жарияланды Иранға жасалған соққы Трампқа импичмент жариялауға негіз болмақ Георгий Жуков: «Қазақтар өздері қазақша сөйлесе, мен де үйреніп алар едім» АҚШ Иранмен кездесуге дайын екенін жеткізді Астанада жігіт бұрынғы қызын өлтіріп, оның бауырын пышақтап тастаған (ВИДЕО) Сарапшы: «Иран әлі де ядролық бомба жасай алады» Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты