736

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,4 трлн теңгеден аса зейнетақы төленді

Жыл басынан бері зейнеткерлерге республикалық бюджеттен 2 трлн 477,6 млрд теңге зейнетақы төленген

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,4 трлн теңгеден аса зейнетақы төленді
canva.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, төленген қаржының ішінде базалық зейнетақы төлеуге 760,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 1 трлн 717,5 млрд теңге қарастырылған.

Биылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 312 мың адам.

Жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 мың 988 теңге болды. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 мың 86 теңге, базалық зейнетақы – 37 мың 902 теңге.