640

Елімізде 4,5 жылда 900-ге жуық адам тұрмыстық зорлық-зомбылықтан көз жұмды

Соңғы 4,5 жылда Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 869 адам көз жұмды.

Елімізде 4,5 жылда 900-ге жуық адам тұрмыстық зорлық-зомбылықтан көз жұмды
canva.com

Үкімет отырысында мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева зорлық-зомбылықтың кесірінен көз жұмғандар туралы айтты.

Сол уақыт аралығында денсаулыққа ауыр зиян келтірудің 2086 фактісі тіркелген.

“Отбасыларға жан-жақты көмек көрсету үшін өңірлерде 68 қолдау орталығы жұмыс істейді, оның 19-ы уақытша баспанамен қамтамасыз етеді. Бұл тәжірибе 2019 жылдан бері бар. Жәрдемге мұқтаж азаматтарға "Бір терезе" қағидаты бойынша көмек көрсетілуде", – деді министр.

Балаева 16 қазаннан бастап Қазақстанда отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша "111-AMANAT" бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығы іске қосылғанын атап өтті. Айтуынша, сол арқылы жедел режимде құқықтық, психологиялық және консультациялық көмек көрсетіледі.