746

Петропавлда 18 жастағы жігіт футбол алаңында қайтыс болды (ВИДЕО)

Петропавлда 18 жастағы жігіт футбол алаңында қайтыс болды.

Петропавлда 18 жастағы жігіт футбол алаңында қайтыс болды (ВИДЕО)
Видеодан алынған кадр

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше сағат 20:04 шамасында Петропавл полициясына медициналық мекеменің қабылдау бөлмесінде қаланың 18 жастағы тұрғыны қайтыс болды деген хабарлама түскен. Жас жігітті Жамбыл – Чайковский көшелерінің қиылысында орналасқан футбол алаңынан дәрігерлер алып кеткен.

Футбол ойнау кезінде қала тұрғыны өзін жайсыз сезініп, көгалға құлаған. Факті ҚР ҚК-нің 001-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, – деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Істің барлық мән-жайын зерттеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оның нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады.