Қазақстанда аз қамтылған отбасы балалары мен жетім балалар мектепте тегін тамақтанады

18.10.2023, 14:10
640
Қазақстанда аз қамтылған отбасы балалары мен жетім балалар мектепте тегін тамақтанады canva.com

"Әлеуметтік әмиян" жолдамалары арқылы аз қамтылған отбасы балалары мен жетім балалар мектептерде тегін тамақтана алады. Бір жылға арналған пилоттық жоба екі аптадан кейін іске қосылады деп жоспарлануда.

Қазақстанда 1 қарашадан бастап eGov мобильді қосымшасындағы "Әлеуметтік әмиян" арқылы мектеп оқушыларының жекелеген санаттарын тегін тамақтандыру бойынша бір жылдық пилоттық жоба іске қосылмақ. Білім министрлігі мен Цифрлық даму министрлігінің бірлескен бұйрығының жобасы қоғамдық талқылауда.

Жоба мыналарды қамтиды:

– атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балалары;
– жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасы балалары;
– ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар.

Көрсетілетін қызметті алушыға, яғни ата-анаға немесе заңды өкіліне Әлеуметтік әмияндағы цифрлық ваучерді қосу қажет. Ол оқу жылы ішінде мектеп асханасында тегін тамақтану мүмкіндігін береді. Мектеп оқушылары асхана қызметкеріне берілген QR кодын көрсету арқылы тегін тамақтану құқығын растайды.

"Әлеуметтік әмияндағы қызметті алушы мектеп асханасында көрсетілетін қызметтің сапасын бағалай алады және уәкілетті органға e-Otinish арқылы шағым жібере алады", – делінген құжатта.

Бұған дейін тегін тамақтандырудың мұндай схемасы Астананың 13 мектебінде сынақтан өткен болатын. Мектеп оқушыларының ата-аналары мен заңды өкілдері 331 цифрлық ваучерді іске қосты.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды