Байденнің айтуынша, әлеуметтік көмек Рафах шекарасына жұмаға дейін жеткізіледі.
"Олар жүк көліктері өтетін жолдарды жамаумен айналысады. Бұл шамамен сегіз сағатты алады деп жоспарлануда.
Егер ХАМАС оларды тәркілеп, керек жеріне өткізбесе, көмек тоқтайды. Өйткені біз ХАМАС-қа гуманитарлық көмек жіберіп отырған жоқпыз", – деді Байден.
Оның айтуынша, Газадағы көмекті бөлумен БҰҰ агенттіктері айналысады.
Егер бәрі ойдағыдай және ХАМАС-тың араласуынсыз өтсе, шекарада күтіп тұрған көмек көліктерінің қалған бөлігі Газаға жіберіледі.