Астана қаласында Орталық Азиядағы ең ірі "KazAgro/KazFarm-2023" аграрлық көрмелері ашылды

19.10.2023, 18:24
743
Астана қаласында Орталық Азиядағы ең ірі "KazAgro/KazFarm-2023" аграрлық көрмелері ашылды KazAgro/KazFarm

Елордалық "EXPO" ХКО-да "ExpoGroup" компаниясының ұйымдастыруымен "KazAgro/KazFarm-2023" ауыл шаруашылығының 14-ші Халықаралық мамандандырылған көрмелері басталды.

Іс-шараны ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ашты. Оның айтуынша, бұл көрмелер ауыл шаруашылығы саласындағы инновациялық технологияларды ұсынатын алаң болып табылады.

"Мұндай көрмелер қазақстандық фермерлер үшін сенімді өнім берушілер мен серіктестер табуға, жаңа агротехнологиялармен танысып, оларды өндіріске енгізуге мүмкіндік береді. Қазақстан аграрлық держава ретінде өзімізді ғана емес, Орта Азия өңірін де азық-түлікпен қамтамасыз етеді.  Осыған байланысты мұндай көрмелер инвесторлар үшін жақсы алаң болып табылады", – деп атап өтті Айдарбек Сапаров.

Айта кету керек, көрменің салтанатты ашылуына Чехияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Павол Шепеляк мырза, Германияның ауыл шаруашылығы қауымдастығының басшысы және Вице-президенті Рене Дебельт мырза және Германияның ҚР-дағы елшісінің тұрақты орынбасары Клаус Зилликенс мырза, сондай-ақ "Ростсельмаш" компаниясы бас директорының орынбасары" Алексей Швейцов сынды шетелден келген құрметті қонақтар қатысты.

Көрмелердің ұйымдастырушысы Шолпан Қожабаева  қатысушылар мен қонақтарға құттықтау сөзін сөйледі:

"Бүгін Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында үлкен мереке. Орталық Азиядағы "KazAgro/KazFarm-2023" ауыл шаруашылығының ең ауқымды 14-көрмесі ашылды. Бүгінгі көрмелерге әлемнің 27 елінен келген 300-ге жуық компания қатысуда. Мұнда әркім өз бизнесінің өркендеуіне шешім таба алады".

Естеріңізге сала кетейік, көрмелерде ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының, тыңайтқыштардың, өсімдіктерді қорғау құралдарының, құс және мал шаруашылығына арналған технологиялардың, мал азығының, ветеринариялық препараттардың кең ауқымы ұсынылған. 

Сондай-ақ жетекші мамандардың семинарлары мен презентациялары өтеді.  Жыл сайын іс-шараға 20 000-нан астам адам қатысады.

19-21 қазан аралығында өтетін ауылшаруашылық көрмелеріне кіру тегін. Өтетін орны: Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 53/1 ("EXPO" ХКО).

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)