667

Қазақстан Кореядағы Халықаралық полиция саммитіне қатысты

Ішкі істер министрі Ержан Саденов бастаған Қазақстан ІІМ делегациясы Сеулдегі Халықаралық полиция саммитіне қатысты. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Қазақстан Кореядағы Халықаралық полиция саммитіне қатысты
polisia.kz

Саммитте халықаралық ынтымақтастық, қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл, полициядағы заманауи өзгерістерге ден қою, кешенді жан-жақты ынтымақтастықты қалыптастыру мәселелері талқыланған. 

Халықаралық іс-шараға 30-дан астам елдің полиция ведомстволарының, сондай-ақ Интерпол, Еуропол, Біріккен Ұлттар Ұйымының бейінді басқармасының басшылары қатысты. 

Шара қарсаңында саммитке қатысушы делегация басшыларының Корея Республикасының президенті Юн Сок Ельмен кездесуі өтті.

 

Басқа да маңызды жаңалықтар Telegram арнамызда!

Материал авторы