741

Кезекшілікте ұйықтаған әскери қызметші жаза арқалады

Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі сот шешімі шыққанын мәлімдеді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Кезекшілікте ұйықтаған әскери қызметші жаза арқалады
ашық дереккөзден
2023 жылдың тамызында Жуалы ауданында орналасқан әскери бөлімде, әскери қызметші Е. тәуліктік кезекшілікте бола тұра, өзінің демалысынан тыс уақытта және белгіленбеген жерде ұйықтап, әскери бөлім командирінің жазбаша бұйрығының талаптарын орындамаған.
 
Cотта әскери қызметші өз кінәсін толық мойындаған. Осылайша аталған факті бойынша түсініктеме берген.
 
Сот қаулысымен Е. есімді әскери қызметші 86 мың теңгеден астам сомада әкімшілік айыппұл төлейді.
 
Басқа да маңызды жаңалықтар Telegram арнамызда!

Материал авторы