709

Алкогольден бас тартқан ауылдың бірінде қылмыс тіркелмеген

Маңғыстауда тағы бір ауыл алкогольден толық бас тартты. Бұл туралы smartnews.kz сайты Маңғыстау Медиа басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Алкогольден бас тартқан ауылдың бірінде қылмыс тіркелмеген
ашық дереккөзден

Онды ауылындағы дүкендерде алкоголь сатылмайды. Нәтижесінде қылмыс мүлдем тіркелмеген. Бұл туралы өңір басшысының Маңғыстау ауданына жұмыс сапары кезінде белгілі болды.

Маңғыстау ауданындағы ауыл қылмысты азайту бойынша рекорд жаңартуда. Онды ауылы үш жыл бұрын алкогольден толықтай бас тартқан. Жергілікті тұрғындар ауыл шаруашылығын белсенді жүргізеді: ет, сүт өнімдерін өндіреді. Ауылда 45 шаруа қожалығы табысты жұмыс істеуде.

Материал авторы