820

Түркістанда көлік ішінде есірткі қабылдаған жүргізуші камераға түсіп қалған

Полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен есірткі қолданған көлік жүргізушісін анықтады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Түркістанда көлік ішінде есірткі қабылдаған жүргізуші камераға түсіп қалған
видеодан алынған кадр

Кезекшілер патрульдік полиция қызметкерлеріне барлық мән-жайды айтып, сол аумаққа бағыттады.

Оқиға орнында тәртіп сақшылары Түркістан қаласының тұрғыны, көлік жүргізушісінің жеке басын анықтады. Тексеру кезінде ер азаматтан есірткіге ұқсас зат табылды. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Қорытындыға сәйкес, алынған зат  "марихуана" болып шықты.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 296-бабы "есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Видеоны Telegram арнамыздан көре аласыз!

Материал авторы