Қайрат Боранбаев түрмеден босатылатын болды
Оның жазасы бас бостандығын шектеуге ауыстырылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты Informburo басылымына сілтеме жасап хабарлады.
Қайрат Боранбаевтың жазасын ауыстыру кезінде сот келесі жағдайларды ескерді:
• сотталған адам заңда белгіленген жаза мерзімінің 1\3 бөлігін (2 жыл 4 ай 5 күн) өтеген;
• кінәлі мемлекетке келтірілген залалды толығымен өтеді, тергеумен белсенді жұмыс істеді және жасаған ісіне өкінеді;
• қамауда болған кезеңде оң сипатталды. Мекеме әкімшілігі тиісті құжаттарды ұсынды және өтінішті қолдады.
Ол сот шешіміне сәйкес пробациялық бақылауда болады.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, кәсіпкер Қайрат Боранбаев 2022 жылғы 17 наурызда ұсталып, қамауға алынған болатын.
2023 жылдың 31 наурызында Астанадағы N2 Сарыарқа сотында кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа қатысты үкім шықты. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Басқа да маңызды жаңалықтар Telegram арнамызда!
Материал авторы