970

Астанадағы LRT маңындағы кран жеңіл көлік үстіне құлады

Желіде кран құлағаны туралы видео тарады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Астанадағы LRT маңындағы кран жеңіл көлік үстіне құлады
видеодан алынған кадр

Оқиға Сығанақ пен Түркістан көшелерінің қиылысындағы құрылыс бөлігінде болған.

«21 қазан күні сағат 17:00-де Сығанақ көшесінің бойында құрылыс жүріп жатқан кезде бұрғылау станциясы оң жақтағы шынжыр табанымен асфальттың бос жеріне түсіп кетті. Сол маңда рұқсат етілмеген жерде «Hyundai» көлігі тұрған. Көліктің салонында ешкім болмаған. Бұрғылау станциясының  құрылғысы  сол көлікке құлады»,-деп мәлімдеді CTS компаниясының өкілдері. 

Материал авторы