«Бір пиязды қуырып жедік»: Алтынай Жорабаеваның келіні байлыққа қызықпайтынын айтты

22.10.2023, 20:52
15507
«Бір пиязды қуырып жедік»: Алтынай Жорабаеваның келіні байлыққа қызықпайтынын айтты ayauka_zhorabayeva

Танымал блогер өзінің жоқшылық көріп өскенін айтып, жан сырын ақтарды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Блогер Айгүл Бақытқызының подкастында Алтынай Жорабаеваның келіні, Талғат Жорабаевтың әйелі, белгілі блогер Аяулым Жорабаева бренд киім, қымбат сөмке сатып алғысы келмейтінін айтты.

«Мен мұқтаж отбасыдан шыққанмын, әкесіз өскенмін. Үйде нан болмаған кездер болды. Анам бірнеше жерде жұмыс істейді. Інім екеуміз үйде қаламыз. Бір күні қарасам, үйде бір түйір пияздан басқа ештеңе жоқ екен. Сол пиязды қуырып, ініміз екеуміз бөліп жедік. Мен бұл нәрсеге анамды кінәлай алмаймын. Ол бізді асырау үшін алдынан шыққан тірліктің бәрін істеді. «Ертең не жейміз, бүгін не жейміз?» деп ойлап өмір сүрдік. Бұл Алланың маңдайымызға жазып қойғаны, бәлкім осы күнге жету үшін сол кезде сынап, шыңдаған шығар», - дейді блогер. 

Әншінің келіні қазір қайырымдылықпен айналысып, көпшіліктен түскен садақаға мұқтаж жандарға баспана әперіп жатыр. Оның мұндай іспен айналысуына бала күннен көрген қиыншылығы себеп болыпты.

«Аяулым қатты өзгерді. Кезінде бренд кигім келіп, «мен неге жұрттар сияқты 1 миллион 300 мыңның сөмкесін ала алмаймын» деп бір кісінің алдына барғам. Сол кісі маған «Сенің қолыңдағы 28 мыңдық сөмкеден оның не айырмашылығы бар, соны ұстасаң бақытты боп, өмірің күрт өзгеріп кете ме? Негізінде екеуінің атқаратын қызметі бір ғой, тек сен миллион теңгені сөмкенің аты үшін төлеп отырсың» деп ойландырып қойды. Осы күні «мен ондай қымбат киімге мұқтаж емеспін» деп отыра беретін болдым. Өміріме шүкір ете бастадым. Үйіме келем де «менің үйіме жететін үй жоқ» деп кәдімгідей қуанамын. «Неге анау олай, мен бұлай?» дегенді санадан өшіріп тастау керек», - дейді Жорабаева.

 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды