“Қызды басынан ұрып, дәрігерге тапанша кезеді”: СҚО-да үш жасөспірім балалар ауруханасына баса-көктеп кірген

24.10.2023, 09:32
2420
“Қызды басынан ұрып, дәрігерге тапанша кезеді”: СҚО-да үш жасөспірім балалар ауруханасына баса-көктеп кірген canva.com

Солтүстік Қазақстан облыстық көпбейінді балалар ауруханасына үш жасөспірім баса-көктеп кіріп, дәрігер мен сырқат қызды соққыға жыққан. Сондай-ақ медициналық қызметкерлерге "тапанша" кезеп, қоқан-лоққы көрсеткен.

СҚО көпбейінді балалар ауруханасының директоры Нұрлан Аймановтың айтуынша, оқыс оқиға бүгін, шамамен 11.30 минут кеткенде болған. Ауруханасының негізгі есігінен 17-18 жастағы үш бозбала кірген. Олар медициналық қызметкерлердің ескертуіне қарамастан ішке өтпек болған. Олардың тоқтатуына боқтық сөз айтқан, есік алдында отырған күзетшіге қоқан-лоққы жасаған. Осылайша екінші қабатқа көтерілген. 

"Айтуларынша, жасөспірімдер аяғы сынып ем алып жатқан 15 жастағы дос қыздарына келген. Оны палатадан коридорға алып шығып, кушеткаға отырғызып, басынан ұра бастаған. Дәрігерлер, медициналық қызметкерлер бозбалаларға ескерту жасады. Сол кезде 17 жастағы А. деген жасөспірім қасында отырған қыздың балдағын алып, оның үшкір басымен невропатологтың ішінен ұрған. Осыдан кейін қалтасынан тапанша алып шығып, қорқытып, боқтық сөздер айтып бірінші қабатқа түскен. Қашып бара жатып, есікке соғылып, оның әйнегін шақты. Сынған әйнек қолын кесіп, бүкіл айнала қан болды. Мұны көрген басқа балалар қатты қорқып, олардың моральдық жағдайына әсер етті. Ол екінші есікті де сындырып, пистолетпен қорқыта отырып қашып кетті", – дейді Нұрлан Айманов. 

Аурухана басшысының айтуынша, оқиға орнына шақыртумен полиция келіп, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Бұл біздің ауруханада болған бірінші жағдай емес, осындай төртінші оқиға. Бірақ бірінші рет тапанша кезеп, қыз бен дәрігерімізді ұрып кетті. Бұл – ақылға сыймайтын нәрсе. Сондықтан полицияға арыз жаздық. Дәрігер қазір ем алады. Медициналық қызметкерлеріміз орасан психо-эмоционалдық стресс алды. Сондықтан үйлеріне жіберілді. Ертең сот-медициналық сараптама жүргізіп, невропатолог дәрігердің денсаулығына келтірілген нұқсан деңгейі анықталады", – дейді Нұрлан Айманов.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі осы оқиғаға қатысты ақпарат таратты. 

"23 қазан күні сағат 12:05-те Петропавл қаласының полиция басқармасына белгісіз адам медициналық персоналға тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, Петропавлдағы облыстық балалар ауруханасының мүлкіне зақым келтірді деген хабарлама келіп түсті. Қызметкерлер кәмелетке толмаған 17 жасар баланы анықтап, ұстады, оның сөмкесінен ойыншық тапанша табылып, тәркіленді.  Аталған факт "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді", – делінген баспасөз хабарламасында.

Полицейлердің айтуынша, қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды