Ақтаудағы көрші 2 баланың өліміне кінәлі әйел 10 жылға сотталуы мүмкін

24.10.2023, 13:20
591
Ақтаудағы көрші 2 баланың өліміне кінәлі әйел 10 жылға сотталуы мүмкін Lada.kz

Ақтау тұрғыны 2 баланың өлімі үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары Нұралин Баржықов мәлімдеді.

Толығырақ айтқанда, қандала улаймын деп көрші үйдегі 2 баланың өліміне себепші болған әйелге қатысты екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормаларды бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бірақ өзінің де кәмелетке толмаған 2 баласы бар.

Құқық қорғау органдары жақын арада жәндіктерге қарсы дәрілерді анықтау үшін Ақтау базарларын тексермек.

Еске сала кетсек, өткен жұмада кешке тұрғындардың бірі пәтердегі қандаланы улаған. Ол туралы көршілеріне де, пәтер иелері кооперативіне де ескертпепті. Салдарынан жоғары қабаттағы пәтерден уланған 7 адам анықталды. Оның ішінде 2 жастағы және 10 айлық екі бүлдіршін көз жұмып, тағы кәмелетке толмаған 2 бала мен 3 ересек адам ауруханаға жеткізілді.

Жәндіктерді улайтын дәрі Алматы базарларының бірінен алынған. Аты әлі белгісіз. Бірақ пәтердегі ауаның зертханалық нәтижесі бойынша көміртегі тотығы мен аммиак мөлшері шамадан тыс көп болған.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды