527

Ақтауда лифт құлап, 34 жастағы ер адам қаза тапты

Ақтауда лифт құлап, 34 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады Lada.kz.

Ақтауда лифт құлап, 34 жастағы ер адам қаза тапты
Бейнежазбадан

Жергілікті полиция мәліметінше, қайғылы оқиға 24 қазанда түнгі сағат 01:10 шамасында №3 шағын ауданда болған.

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-бөлігі бойынша («Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын бұзу») сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне тіркелді. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды, - деп жазылған полиция таратқан хабарламада.

Маңғыстау облысы көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі бүгін мекемеге ешкім түспегенін хабарлады.