Жамбыл облысында ауыл тұрғыны спорт кешенін салды

25.10.2023, 17:37
655
Жамбыл  облысында ауыл тұрғыны спорт кешенін салды 24.kz

Жамбыл облысында бапкер өз қаржысына шағын спорт кешенін салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Талғат Тойшыбеков Жуалы ауданындағы Жаңаталап ауылында тұрады. Бапкердің сөзінше, жас спортшылар бұған дейін 5 шақырым жердегі ауылға жаяу барып жаттығатын. Ол 2 жыл бұрын өз қаражатына спорт нысанының құрылысын бастаған. Артынша ауыл тұрғындары да жақсы істің жанынан табылып, қаржылай қолдау көрсеткен. Қазір жаңа спорт залында 100-ге жуық жас палуан еркін күреспен тегін айналысып жүр.

Жалпы Талғат Тойшыбеков 20 жылдан бері бапкерлік етеді. Шәкірттері ел чемпиондары атанып, әлем біріншіліктерінде топ жарып жүр. Мәселен, Азия ойындарында еркін күрестен ел намысын 6 палуан қорғаса, соның екеуі – осы ауылдың балалары.

Айта кетейік, биыл Жуалы ауданында 3 спорт нысаны пайдалануға берілмек. Ал 2025 жылға дейін аудандағы барлық елді мекен спорт нысанымен қамтылады.

Талғат Тойшыбеков, Жаңаталап ауылының тұрғыны:

- Бұл жерде барлық жағдай қарастырылған. Мынау жарыс өткізуге көрермендер отыратын жер. Душ, жуынатын жер. Одан кейін мынау – жаттықтырушының бөлмесі. Одан кейін мынау сырттан балаларды қалыпқа келтіретін монша соғылып жатыр. Кательный бөлек.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды